Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Трамп Гарвардты "демократияға төнген қауіп" деп атады

25 Сәуір 2025, 04:37
744
Бөлісу:
 pexels
Фото: pexels

АҚШ президенті Дональд Трамп Гарвард университетін "демократияға төнген қауіп" деп атап, оқу орнын "либералды тәртіпсіздіктің орталығы" деп айыптады, деп хабарлайды BAQ.KZ ABC News-ке сілтеме жасап.

Трамптың пікірінше, университет антисемиттік көзқарастарға жол беріп, "елімізді іштен бөлшектегісі келетін" шетелдік студенттерді қабылдайды. Ол Гарвардта "жалған ашу-ыза мен жеккөрушілікке толы" орта қалыптасқанын айтты.

Бұл мәлімдеме Гарвард әкімшілігі Трамп әкімшілігі қойған талаптарды орындаудан бас тартқаннан кейін жасалды. The Wall Street Journal-дың жазуынша, Трамп әкімшілігі университеттің саясатына қарсы наразылық ретінде 1 миллиард доллар көлеміндегі қаржылық көмекті тоқтатпақ болған.

Сонымен қатар, 14 сәуірде АҚШ Білім министрлігі антисемитизмге қарсы іс-қимыл департаментінің шешімімен университетке бөлінген 2,2 миллиард доллар грант уақытша тоқтатылғанын хабарлады.

Өзгелердің жаңалығы