АҚШ президенті Дональд Трамп бұрынғы мемлекет басшысы Джо Байденнің ересек балаларын мемлекеттік қорғаудан айырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі The Guardian басылымына сілтеме жасап.
Трамп Хантер Байден мен Байденнің екінші жары Джиллден туған қызы Эшли Байденнің мемлекеттік күзетін тоқтатты.

Бұған дейін Джо Байден АҚШ президенті қызметінен кетер алдында, қаңтар айында, өзінің отбасы мүшелерінің мемлекеттік күзетті пайдалану мүмкіндігін шілде айына дейін ұзартқан болатын.
Бұл шешім туралы Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде хабарлады. Ол мұны журналистердің бірі Хантер Байденнің қауіпсіздігі туралы сұрақ қойғаннан кейін мәлімдеді.
Хантер Байден ұзақ уақыт бойы АҚШ-тың Құпия қызметтің қорғауында болды, ал бұл шығындардың барлығын АҚШ салық төлеушілері көтерді. Оны қорғауға 18 адам жұмылдырылған, бұл күлкілі жағдай! Қазір ол адам құқықтары үлкен күмән тудыратын Оңтүстік Африкада демалып жатыр. Осыған байланысты Оңтүстік Африка біздің экономикалық және қаржылық көмек алатын елдер тізімінен шығарылды. Осы күннен бастап Хантер Байден Құпия қызметтің қорғауын алмайды. Сондай-ақ 13 агенттен тұратын күзеті бар Эшли Байден де бұл тізімнен шығарылады, – деді Дональд Трамп.