Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Трамп дәуіріндегі төртінші шатдаун: АҚШ үкіметі ішінара жұмысын тоқтатты

1 Қазан 2025, 07:12
368
Бөлісу:
 pexels
Фото: pexels

АҚШ Сенаты федералды шығыстарды қаржыландыру туралы заң жобаларын қабылдай алмауына байланысты елде үкіметтің ішінара жұмысы тоқтатылды. Бұл құбылыс "шатдаун" деп аталады және мемлекеттік құрылымдардың бір бөлігінің уақытша жабылуына әкеледі, деп хабарлайды BAQ.KZ ВВС-ге сілтеме жасап.

Демократтар ұсынған қаржыландыруды жалғастыру туралы заң жобасын Сенат қолдамады, ал республикашылардың бастамасы да қажетті дауыс жинай алмады. Нәтижесінде 1 қазанға қараған түні АҚШ-тың бірқатар федералды мекемелері жұмысын тоқтатты.

Ақ үйдің басқару және бюджет бюросы арнайы меморандум жариялап, шатдаунды ресми түрде растады және бұл үшін демократтарды айыптады.

Зардап шеккен ведомстволар енді жоспарланған шараларды іске қосуы тиіс, – делінген құжатта.

Соңғы 50 жылда АҚШ-та шатдаундар бірнеше рет болған. Дональд Трамптың алғашқы президенттік мерзімінде үш рет қайталанса, соның ішінде 2018-2019 жылдары 36 күнге созылған ең ұзақ шатдаун тіркелді. Ал Рональд Рейган тұсында сегіз рет орын алған, бірақ олардың көбі қысқа мерзімді болған.

Өзгелердің жаңалығы