Трамп: Бейбітшілік кеңесі Газаға көмек көрсетуге миллиардтаған доллар бөледі

Трамп Бейбітшілік кеңесінің мүмкіндігін айтты.

 x.com/whitehouse 16 Ақпан 2026, 04:48
16 Ақпан 2026, 04:48
1377
Фото: x.com/whitehouse

Дональд Трамп АҚШ президенті Бейбітшілік кеңесінің мемлекеттері Газадағы гуманитарлық көмек пен қалпына келтіру жұмыстарына миллиардтаған доллар уәде еткенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы ол 15 ақпанда әлеуметтік желі Truth Social парақшасында жазды.

Бейбітшілік кеңесінің шексіз мүмкіндіктері бар. Өткен жылдың қазан айында мен Газадағы қақтығысты түпкілікті тоқтату жоспарын ұсындым, және біздің концепциямыз БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесімен бір ауыздан қабылданды, — деп түсіндірді Трамп.

Одан кейін гуманитарлық көмек жылдам ұйымдастырылып, барлық тұтқындар босатылғанын айтты.

Бір ай бұрын менімен бірге Дүниежүзілік экономикалық форумда (Давос, Швейцария) 20-дан астам жетекші құрылтайшы ресми түрде Кеңестің құрылуын атап өтіп, Газадағы бейбіт тұрғындарға көмек көрсету және кейіннен Газадан тыс жерлерде де қолдау көрсетуге арналған батыл концепцияны таныстырды, — деді президент Трамп.

Трамп Бейбітшілік кеңесінің мүшелерімен кездесетінін және онда халықаралық қолдаудың жарияланатынын хабарлады:

19 ақпанда мен Вашингтондағы Donald J. Trump Institute for Peace Бейбітшілік институтында Кеңес мүшелерімен қайта кездесемін, онда мүше мемлекеттердің Газадағы гуманитарлық көмек пен қалпына келтіруге 5 миллиард доллардан астам қаражат бөлетінін және халықаралық тұрақтандыру күштері мен жергілікті полицияға мыңдаған қызметкерлерді тартатынын жариялаймыз, – деді ол.

Трамптың айтуынша, Бейбітшілік кеңесі «тарихтағы ең маңызды халықаралық органға» айналады, және ол оның төрағасы болуды үлкен мәртебе деп есептейді.

Айта кетейік, 22 қаңтарда Қасым-Жомарт Тоқаев Давоста Бейбітшілік кеңесінің жарғысын қол қойған. Оған қоса 18 елдің басшылары мен өкілдері қол қою рәсіміне қатысты.

Наверх