Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Трамп: Байден – АҚШ тарихындағы ең нашар президент

17 Сәуір 2025, 02:36
1066
Бөлісу:
 Marco Bello / Reuters
Фото: Marco Bello / Reuters

АҚШ президенті Дональд Трамп бұрынғы президент Джо Байденді қатты сынға алды. Ол Truth Social әлеуметтік желісінде жариялаған жазбасында Байденді «АҚШ тарихындағы ең нашар көшбасшы» деп атады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Джо Байден миллиондаған қылмыскерлерге, оның ішінде кісі өлтірушілер мен есірткі сатушыларға, сондай-ақ әлемнің түкпір-түкпіріндегі түрмелер мен психиатриялық мекемелерден босатылғандарға АҚШ-қа енуге жол ашты. Мұның бәрі өте қауіпті және ойланбай жасалған ашық шекара саясатының салдары, – деп жазды Трамп.

Ол өзінің басты миссиясы – "елден бұл қылмыскерлер мен бұзақыларды шығару" екенін атап өтті.

Трамп бұған дейін жасаған мәлімдемесінде Байденді Ресей мен Украина арасындағы қақтығысқа кінәлі деп көрсеткен еді.

Өзгелердің жаңалығы