Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Трамп: АҚШ жақын уақытта ядролық сынақтар өткізеді

15 Қараша 2025, 07:48
310
Бөлісу:
 Mike Segar/Reuters
Фото: Mike Segar/Reuters

АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтонның жақын арада ядролық сынақтар жүргізуге ниетті екенін мәлімдеді. Ол жарылыстың нақты түрін ашып айтпады, бірақ «басқа елдер жасап жатқандықтан» АҚШ та сынақтар өткізуі керек екенін жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Трамп ядролық арсеналды жаңғыртуға мәжбүр болғанын, өйткені басқа мемлекеттерде де мұндай қару бар екенін айтты. Бұған дейін ол Пентагонға ядролық сынақтарды қайта бастау туралы тапсырма бергенін жариялаған.

Алайда АҚШ-тың нақты ядролық жарылыс жасайтыны белгісіз. Мемлекеттік хатшы Марко Рубио бұл шешім жеткізу құралдарын сынауға қатысты болуы мүмкін екенін айтты.

Сарапшылардың пікірінше, АҚШ-тың жер асты ядролық жарылыстарын қайта бастауына ғылыми-техникалық қажеттілік жоқ, әрі дайындыққа бірнеше айдан үш жылға дейін уақыт қажет. 

Өзгелердің жаңалығы