Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Трамп АҚШ-тың Венесуэланы өтпелі кезеңде басқаратынын мәлімдеді

Кеше, 01:29
764
Бөлісу:
 REUTERS/Jonathan Ernst
Фото: REUTERS/Jonathan Ernst

АҚШ президенті Дональд Трамп биліктің ауысу кезеңінде АҚШ Венесуэланы бақылауда ұстайтынын мәлімдеді, де хабарлайды BAQ.KZ.

Біз биліктің қауіпсіз, дұрыс және ақылға қонымды ауысуын қамтамасыз ете алатын уақытқа дейін елді басқарамыз. Біз біреудің араласуын қаламаймыз, және соңғы жылдардағыдай жағдай қайталанбауы тиіс. Біз Венесуэланың ұлы халқы үшін бейбітшілік, еркіндік пен әділеттілікті қалаймыз, - деді Трамп Флоридадағы баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, АҚШ үкіметі Венесуэла президенті Николас Мадуро мен оның отбасы мүшелеріне есірткі терроризмі, кокаин контрабандасы, қару-жарақ пен жарылғыш заттарды заңсыз ұстау сияқты айыптар таққанын хабарлады. Айыптаулар Әділет министрлігінің басшысын да қамтиды.

Өзгелердің жаңалығы