Трамп АҚШ-тағы дауыс беру тәртібін өзгертеді

АҚШ президенті Дональд Трамп алдағы уақытта сайлау өткізу ережелеріне өзгеріс енгізетін жарлыққа қол қоятынын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 pixabay.com 31 Тамыз 2025 2025, 19:20
31 Тамыз 2025 2025, 19:20
538
Фото: pixabay.com

АҚШ президенті Дональд Трамп алдағы уақытта сайлау өткізу ережелеріне өзгеріс енгізетін жарлыққа қол қоятынын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Бұл туралы ол өзінің Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

Мемлекет басшысының айтуынша, жаңа құжаттың басты мақсаты – сайлау кезінде мүмкін болатын заңбұзушылықтар мен фальсификацияны болдырмау.

Әрбір сайлауда жеке басын куәландыратын құжат міндетті болуы тиіс. Ешқандай ерекшелік жасалмайды! Осыған қатысты атқарушы жарлыққа қол қоямын, – деді Трамп.

Сонымен қатар ол пошта арқылы дауыс беруді де тоқтатуды жоспарлап отырғанын атап өтті. Бұл әдіс тек ауыр науқастарға және АҚШ аумағынан тыс жерде жүрген әскери қызметкерлерге ғана рұқсат етіледі.

Наверх