Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Трамп АҚШ сүңгуір қайықтарына Ресей шекарасына жақындауға бұйрық берді

2 Тамыз 2025, 05:35
782
Бөлісу:

АҚШ президенті Дональд Трамп екі ядролық сүңгуір қайықты Ресейге жақын орналастыруға бұйрық берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Трамп бұл шешімді 1 тамызда Truth Social әлеуметтік желісінде жариялады. Ол бұл қадамды Ресейдің бұрынғы президенті, қазір Ресей Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведевтің: "Медведевтің шектен тыс арандатушылық мәлімдемелері аясында мен екі ядролық сүңгуір қайықты тиісті аймақтарға орналастыру туралы бұйрық бердім" деген мәлімдемелерімен байланыстырды

АҚШ президенті мұндай сөздердің маңыздылығына тоқталды: "Сөз өте маңызды. Олар көбінесе күтпеген салдарға әкеледі. Бұл жолы олай болмайды деп үміттенемін".

Медведев соңғы апталарда АҚШ пен НАТО-ға қарсы бірнеше рет қатал риторика жасады. Оның жазбалары мен сұхбаттары "болмай қоймайтын қақтығыстар" туралы қоқан-лоққылар мен ескертулермен қатар жүрді.

Өзгелердің жаңалығы