АҚШ пен Иран тараптары Иранның ядролық мәселесі бойынша тікелей келіссөздер жүргізуде. Бұл туралы АҚШпрезиденті Дональд Трамп мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Біз Иранмен тікелей келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Олар қазір басталды және сенбіде жалғасады.Бізде өте үлкен кездесу болады және оның нәтижесі қалай болатынын көреміз,- деді Трамп Ақ үйде журналистерге берген сұхбатында.
Сонымен қатар, АҚШ президенті екі тарап үшін де ең жақсы нұсқа мәміле жасау екенін айтты. Трамп сонымен бірге келіссөздер жақсы нәтиже береді деп үміттенеді. Ақ үй басшысы жаңа мәміле бірлескен кешенді іс-қимыл жоспарынан (SVPD)бірқатар айырмашылықтарға ие болатынын түсіндірді.
Айта кетейік, бұған дейін Трамп Тегеранға келісім жасасудан бас тарту Ислам Республикасын бомбалауға әкелетінін ескерткен болатын. Сол күні АҚШ пен Израиль өзінің ядролық бағдарламасына байланысты қауіпті жою үшін Иранға соққы беруі мүмкін екендігі белгілі болды.