Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Трамп: АҚШ Латын Америкасында құрлықтағы операция бастауы мүмкін

24 Қазан 2025, 20:14
367
Бөлісу:
 Reuters/Cheney Orr
Фото: Reuters/Cheney Orr

АҚШ президенті Дональд Трамп қорғаныс министрі Пит Хегсетке есірткі сатушыларды құрлықтан қуу мәселесін Конгреспен талқылауды тапсырды. Ол бұл туралы Ақ үйде өткен жиында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Трамптың айтуынша, олар бұл мәселені Сенат пен Конгресте көтеруі мүмкін және депутаттардың оны қолдайтынына күмәнданбайтынын айтты. Президент қазіргі уақытта картельдерге "соғыс жариялауға" қажеттілік жоқ екенін, себебі оларды бұрыннан «шетелдік террористік ұйымдар» деп танығанын атап өтті.

Соғысты жариялау орнына Трамп құрлықтағы әскери әрекеттерге рұқсат сұрауды қарастыруы мүмкін екенін жеткізді. Оның айтуынша, теңізге бағытталған соққылардан кейін есірткі тасымалы құрлық арқылы арта түскен, - деп жазды NBC News.

Ақ үйдегі жиында Трамп сонымен қатар Колумбия мен Мексикаға қатты сын айтты. Ол Колумбияны «есірткі орталығы» деп сипаттап, Мексиканы картельдер басқаратынын алға тартты. Сондай-ақ Венесуэлаға қатысты да айтарлықтай наразылығы бар екенін жеткізді.

Қорғаныс министрі Пит Хегсет өз сөзінде теңіздегі кемелерге қарсы жасалған шабуылдардың заң аясында жүзеге асқанын қорғап, американдық позицияны қатаң түрде жеткізді. Ол шетелдік "террористік" ұйымдарға нақты белгі беріп, оларды "тауып алып, жоятындарын" айтты. 

Өзгелердің жаңалығы