Дональд Трамп әкімшілігінде 42 жастағы Кэти Закария Ақ үйдің баспасөз хатшысы болып тағайындалды. Ол бұл қызметте тамыз айында лауазымынан кеткен Кэролайн Левиттің орнына келді.
Бұл туралы АҚШ президенті Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.
Ақ үйдің жаңа баспасөз хатшысы бұған дейін де Трамптың сайлау науқандары кезінде оның командасымен бірге жұмыс істеген. Сондай-ақ ол Truth Social компаниясында коммуникация мәселелеріне жетекшілік етіп, АҚШ-тың Fox News және Newsmax телеарналарында саяси оқиғаларға қатысты пікір білдірген.
АҚШ президенті бұл таңдауын түсіндіре отырып, Закарияның кәсіби тәжірибесі мен біліміне тоқталды. Оның айтуынша, Кэти Закария Пеппердайн университетін және осы оқу орны жанындағы Карузо заң мектебін бітірген. Сонымен қатар ол заңгерлік қызметпен айналысады.