Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Трамп Әлиев пен Пашинянға Нобель сыйлығына ұсынғаны үшін алғыс айтты

Бүгiн, 03:40
92
Бөлісу:
 Brian Snyder / Reuters
Фото: Brian Snyder / Reuters

АҚШ президенті Дональд Трамп әзербайжандық әріптесі Ильхам Әлиевке хат жолдап, 2025 жылғы Нобель сыйлығына кандидатурасын ұсынғаны үшін ризашылығын білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Хатта Трамп Премьер-министр Никол Пашинянмен бірге жазылған ұсыныс үшін алғысын жеткізген.

Премьер-министр Пашинянмен менің Нобель сыйлығына кандидатурамды ұсыну туралы бірлескен хатыңыз үшін алғыс айтамын. Сізге маңызды миссиямызды жалғастыруға шабыттандыратын осы жоғары баға үшін терең ризашылығымды білдіремін, – делінген хабарламада.

Сонымен қатар Трамп АҚШ президенті ретінде бүкіл әлемдегі қақтығыстарды тоқтатуға, барлық адамдар үшін бейбітшілік пен әл-ауқатты қамтамасыз етуге дайын екенін атап өтті. Хатта ол Әлиев пен Пашинянмен тұрақты серіктестік арқасында мүмкін емес нәрселерге қол жеткізуге болатынын жеткізген.

Хабарлама мәтіні Әзербайжан президентінің ресми сайтында жарияланған.

Өзгелердің жаңалығы