Трамп 31 наурыз – 2 сәуір аралығында Қытайға барады

Ақпан айының басында Трамп Си Цзиньпинмен сапар алмасу жоспарларын жариялады.

 pixabay Кеше 2026, 01:25
Кеше 2026, 01:25
991
Фото: pixabay

АҚШ президенті Дональд Трамп 31 наурыз бен 2 сәуір аралығында Қытай еліне ресми сапармен барады. Бұл туралы Reuters агенттігі Ақ үй өкіліне сілтеме жасап жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сапар барысында Трамптың Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен кездесуі жоспарланған. Кездесу аясында тараптар сауда саласындағы келіссөздерді, сондай-ақ тарифтік шектеулердің күшеюін тоқтатқан сауда бітімін ұзарту мүмкіндігін талқылауы мүмкін.

Бұған дейін ақпан айында Трамп Си Цзиньпинмен өзара сапар алмасу жоспары бар екенін мәлімдеген. АҚШ президентінің айтуынша, Қытай басшысы биыл Америка Құрама Штаттарына сапармен келуі ықтимал.

Наверх