Әлеуметтік желілерде Арқалықтағы мейрамханада өткен мереке кезінде қонақтардың жаппай уланғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі ng.kz порталына сілтеме жасап.
Threads желісіндегі жазба авторының айтуынша, туысының 60 жылдық мерейтойы атап өтілгеннен кейін көптеген қонақ өзін жайсыз сезіне бастаған.
Бойжеткеннің айтуынша, Қостанай облысында өткен бұл мерекеден кейін 150-ден астам адам, соның ішінде оның ата-анасы да, улану белгілерін сезген. Той Арқалық қаласында өткен.

Қазіргі уақытта жергілікті билік пен санитарлық қызметтерден ресми ақпарат түскен жоқ. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Бұған дейін Ақмола облысының Ерейментау ауданында жаппай улану оқиғасы тіркелгені жайлы жаздық. Бұл туралы аудандық аурухананың инфекциялық бөліміне бірдей белгілермен жеті адамның түскенінен кейін белгілі болды.