Той жасауға несие беруге тыйым салынуы мүмкін бе?

18 Мамыр 2023, 12:56
621
Бөлісу:
Той жасауға несие беруге тыйым салынуы мүмкін бе?
Фото: автордан

Қазіргі таңда банктер мен микроқаржы ұйымдарының азаматтарға несие беру ережелерін реттеуге қатысты заңнамалық нормалар қарастырылып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов мәлімдеді.

Айтуынша, қарыз алушының мерзімі кешіктірілген несиесі болған жағдайдам тағы да қарыз алуына тыйым салынуы ықтимал.

Сондай-ақ агенттік басшысының орынбасары еліміздегі несие алып, той жасайтындарға қатысты сұраққа жауап берді.

Бұл тұрғыда біз қандай да бір несие түрін беруге тыйым сала алмаймыз. Қазіргі уақытта біз банктер мен микроқаржы ұйымдарына егер қарыз алушыда мерзімі кешіктірілген несие болған жағдайда қарыз беруге тыйым салатын заңнамалық нормаларды қарастырудамыз. Осылайша, біз дәл сол сәтте уақытша қаржылай қиындыққа тап болған жеке тұлғалардың қарыз жүктемесінің ұлғаюын шектейміз. Бірақ несие берудің нақты түрлеріне шектеу қоюға құқығымыз жоқ. Бұл банктің ішкі саясаты және ол жерге араласуға біздің құқылы емеспіз, - деп түсіндірді Олжас Қизатов Сенаттың кулуарында берген сұхбатында.

Сонымен қатар ол той жасау мақсатында несие алудың сомасын шектеуге қатысты да өз ойын ортаға салды.

Несиелеу шарттарын біз анықтай алмаймыз. Бұл да банктің ішкі саясатына араласу болып саналады. Сондықтан уақытша қаржылық қиныдыққа тап болған тұлғаларға несие беруді шектегеніміз жөн, - деді агенттік төрағасының орынбасары.

Өзгелердің жаңалығы