Торқалы тойды дүйім жұрт үйінде атап өтуге мəжбүр – Райымқұлова

5 Шілде 2020, 13:39
2790
Бөлісу:
Торқалы тойды дүйім жұрт үйінде атап өтуге мəжбүр – Райымқұлова

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Ұлттық домбыра күнімен құттықтады. 

Құрметті отандастар, сіздерді шілденің бірінші жексенбісі - Ұлттық домбыра күнімен шын жүректен құттықтаймын. Домбыра - халқымыздың киесіне айналған қасиетті аспап. Ұлы Дала төсін мекен еткен халқымызбен бірге жасап келе жатқан - көнекөз шежіре. Осынау тыңдарманды жігерлендіретін төкпе жəне шертпе күйлерімен ғасырлар қойнауынан сыр шертіп келе жатқан қазынаға қазақ үкі тағып, лайым төрден орын береді,2018 жылы 12 маусымда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ұлы мұрамызды ұлықтау мақсатында шілденің бірінші жексенбісін «Ұлттық домбыра күні» деп белгілеген еді. Былтыр бұл мерекені жоғары деңгейде атап өттік, - деді ол. 

Министр биыл əлемдік коронавирус пандемиясына байланысты карантин шектеулері енгізіліп, торқалы тойды дүйім жұрт үйінде атап өтуге мəжбүр екенін айтты.

Дегенмен, бұл күннің бізге берері ұлттық өнеріміздің мəн-маңызын жете түсіну. Құлаққа жағымды, жүрекке жақын ойлы дыбыспен жеткен халқымыздың ақыл-ойы, көңіл күйін сезіну.Бүгінде қастерлі аспап симфония мен операға әр беріп, классикалық өнердің ажырамас бөлшегіне айналып келе жатқаны қуантады.Құрметті қазақстандықтар, əр шаңырақта күмбір-күмбір күй тартылып, берекелі басқосулар көп болсын, - деді Райымқұлова.
Өзгелердің жаңалығы