Туризм саласы терең дағдарысты бастан кешіріп жатыр – Еркінбаев

28 Шілде 2020, 17:03
2522
Бөлісу:
Туризм саласы терең дағдарысты бастан кешіріп жатыр – Еркінбаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы "Kazakh Tourism" ҰК" АҚ төрағасы Ержан Еркінбаев ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен онлайн баспасөз конференциясында айтты.

Пандемияның әлемдік туризмге жаһандық әсер етуіне байланысты "Kazakh Tourism" елдің туристік әлеуетін шетелде насихаттаушы ретінде қызметі мен ішкі туризмге бөлінетін қаржыны қайта қарады. Компания бюджеті 2019 жылмен салыстырғанда 50 пайызға қысқарды. Штат құрамы 20 пайызға қысқартылды. Өндірістік шығындар да қысқарды. Карантин мен пандемия әсерінен туризм саласы терең дағдарысты бастан кешіріп жатыр, - деді ол. 

Еркінбаев атап өткендей, мемлекет бизнеспен бірігіп, көп жылдар бойы қолдау таппаған салаларды қолдауға кірісті. 

Бұл қызметтің сапасы мен санаториялық-курорттық демалыс, этнографиялық, экологиялық, аграрлық, балалар мен жасөсіпірімдерге арналған демалыс, қолөнер, мототуризм салаларын дамытуға қатысты болып отыр. Біз осыған дейін туристік қызметті стандарттаудың өзіндік моделін қалыптастыру туралы айтқан боламыз. Онда Қытай, Швейцария мен Испанияның тәжірибесі қолданды. Бүгінде ол жұмыс басталды. Қажетті сарапшылар тартылды. Жылдың соңына дейін жұмыс аяқталады. Жасақталған стандарттар қонақ үй мен курорттық орындарда ғана емес, ұлттық табиғи парктерге де енгізіледі, - деді ол.
Өзгелердің жаңалығы