Өткен тәулікте ел аумағында 7 автокөлік өртеніп кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Талдықорған қаласында – жүк көлігі;
Ақмола облысында – жүк көлігі;
Ақтөбе облысында – жүк көлігінің тіркемесі;
Ақтөбе қаласында – жеңіл автомобиль;
Семей қаласында – жеңіл автомобиль;
Қызылорда қаласында – жүк көлігі бортының қаптамасы;
Астана қаласында – жеңіл автокөлік.
Барлық өрт сөндірілді.
ТЖМ автокөлікті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау және электр жабдықтарын мерзімді диагностикадан өткізу қажеттігі туралы ескертеді.