Төтенше жағдайлар министрі Түркістан облысын тікұшақпен аралады

4 Ақпан 2023, 15:52
1434
Бөлісу:
Төтенше жағдайлар министрі Түркістан облысын тікұшақпен аралады
PHOTO
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Бүгін Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин, Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбай және мүдделі ұйымдардың өкілдері Түркістан облысында әуеден барлау жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, әуеден барлау жұмыстары барысында Сауран ауданының аумағында, Қаратау беткейінде және Сырдария мен Арыс өзендерінің бойында бұған дейін су басқан елді мекендерге аэровизуалды шолу жүргізген.

Төтенше жағдайлар министрі Түркістан облысын тікұшақпен аралады

Әуеден барлау жұмыстарынан кейін министр жергілікті атқарушы органдармен және су шаруашылығы мекемелерімен кеңес өткізді, онда ағымдағы жағдайдың тұрақтанғаны және қалыптасқан метеорологиялық жағдай негізінде қажетті алдын алу шараларын қабылдау мәселелері талқыланды.

Төтенше жағдайлар министрі Түркістан облысын тікұшақпен аралады

Қазір жағдай тұрақты, ешқандай қауіп жоқ.

Сонымен қатар құтқару бөлімшелері атқарушы органдармен бірлесіп қосымша алдын алу шараларын қабылдап жатыр.

Өзгелердің жаңалығы