Төтенше жағдайлар министрі Шығыс Қазақстан облысына барды

2 Наурыз 2024, 02:08
590
Бөлісу:
Төтенше жағдайлар министрі Шығыс Қазақстан облысына барды
Фото: gov.kz

Сапар аясында Шыңғыс Әрінов гарнизон жұмысының ерекшеліктерімен танысып, бөлімшелерді, өрт сөндіру бөлімдерін аралап, жеке құраммен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап.

Министр аяз бен қатты боран кезінде Абай облысындағы азаматтарды көмекке келіп, тікұшақпен эвакуациялаған Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің авиациялық бөлімшесінің ұшқыштарына көрсеткен ерлігі үшін медальдар табыс етті.

Облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Байахметовпен бірге су тасқыны кезінде алаңдаушылық туғызатын елді мекендерге барып қайтты. Аэровизуалды тексеру барысында облыс су айдындарының жай-күйіне назар аударылды.

Сондай-ақ Өскеменде өтіп жатқан өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Қазақстан Республикасының қысқы чемпионатына қатысты.

Шығыс Қазақстан облысына сапар қорытындысы бойынша ТЖМ басшысы өңірдің және оның азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша одан әрі мақсатты жұмыс істеу үшін тиісті тапсырмалар берді.

Өзгелердің жаңалығы