Қазақстанның соңғы жаңалықтары

"Төтенше жағдайға дайындық": Ақтөбеде арнайы оқу-жаттығу өтті

19 Шілде 2025, 15:34
480
Бөлісу:
 gov.kz
Фото: gov.kz

Биылғы жылдың 10-18 шілде аралығында Ақтөбе облысының аумағында жыл сайынғы жоспарлы ведомствоаралық «Бекет-2025» оқу-жаттығуы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл оқу-жаттығу жергілікті атқарушы органдар, құқыққорғау және арнайы қызметтердің төтенше жағдайлар мен өзге де ықтимал қауіп-қатерлерге жедел әрекет ету дайындығын тексеруге бағытталған.

Оқу-жаттығу барысында оқу дабылымен күштерді көтеру, әскери және арнайы техникалардың колонналарын көшіру, сондай-ақ әртүрлі қызметтердің бірлескен іс-қимылдары пысықталды.

Шара кезінде алынған білім мен практикалық дағдылар құрылымдық және жауынгерлік даярлықты жетілдіруге, сондай-ақ елдің қауіпсіздігі мен тұрақтылығына жауапты барлық органдардың бірлескен іс-әрекетінің тиімділігін арттыруға негіз болмақ.

Өзгелердің жаңалығы