Бұл туралы Алматыда өткен "Төтенше жағдай кезінде психологиялық көмек көрсету" атты семинарында айтылды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Төтенше жағдай кезінде қалай әрекет ету керектігін Алматы ТЖД психологиялық көмек тобының бас маманы айтты.
Жер сілкінісін сезгенде және төтенше жағдайда болғанда дүрбелеңге салынбау керек. Көпқабатты үйдің тұрғындары қорыққаннан 4-5 секіріп кетіп жатыр. Осыдан тұрғындар өз өміріне зиян келтіреді. Осы ретте, әрбір адам жер сілкінісі немесе басқа төтенше жағдайда кезінде "дабыл сөмкесін" жинап, газ, су және электр қуатын өшіруі қажет. Егер жер сілкінісі әлсіз болса, онда аяқталғанын күтіңіз. Күшті жер сілкінісі жағдайында (дүмпудің күші бес немесе одан да көп балл), егер сіз екінші қабатта немесе одан жоғарыда болсаңыз, бөлмеден шықпаңыз. Қауіпсіз жерде – ішкі қабырғаға, бұрышқа, есік ортасына, тіреу бағанына жақын жерде тұрыңыз, - дейді Алматы ТЖД психологиялық көмек тобының бас маманы Дина Советбекова.