Төтенше жағдай: елордадағы нысандар қалай жұмыс істейді?

16 Наурыз 2020, 10:57
1444
Бөлісу:
Төтенше жағдай: елордадағы нысандар қалай жұмыс істейді?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімі Алтай Көлгіновтің төрағалығымен Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның отырысы өтті. 

Қаланың азаматтық қорғау қызметтері тәулік бойы күшейтілген қызмет атқару нұсқасына көшті. 

Қоғамдық тәртіпті, халықтың тыныс-тіршілігін және көліктің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін объектілерді, аса маңызды мемлекеттік және стратегиялық, ерекше режимді, режимдік және ерекше қорғалатын объектілерді қорғау күшейтілді. 

Осылайша: 

- Ірі сауда нысандары мен сауда ойын-сауық орталықтарының жұмыс істеуіне шектеу қойылады, олар  сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс жасайды (азық-түлік дүкендері мен супермаркеттерді қоспағанда); 

- Азық-түлік дүкендері, супермаркеттер мен азық-түлік базарлары санитариялық және дезинфекциялық шараларды күшейте отырып, әдеттегі режимде жұмыс істейді. 

- Киім-кешек базарлары сағат 11.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс жасайды. 

Санитариялық және дезинфекциялық шаралар күшейтіледі. 

Қоғамдық тамақтану орындарында, сауда ойын-сауық орталықтарындағы фуд-корттар дезинфекциядан өтіп тұрады; 

- Азық-түлік қауіпсіздігі шараларын тиімді іске асыру қамтамасыз етіліп жатыр, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын жеткізу мен бағаны тұрақтандыру қамтамасыз етілуде; 

- Қоғамдық көліктер қалыпты режимде жұмыс істейді. Соңғы аялдама пункттерінде автобустар дезинфекциядан өтеді. 

- Балабақшалар қалыпты режимде жұмыс істейді. Медициналық және санитариялық бақылау күшейтіледі. Баланы апару не апармауды ата-ана өзі шешеді. 

- Мектептен тыс қосымша білім беру объектілерінің (оқушылар сарайы, шығармашылық сарайлары, аула клубтары, үйірмелер, секциялар, компьютерлік клубтар) қызметі тоқтатылды; 

- Сондай-ақ барлық спорт нысандары жабылды. Оқу-жаттығу жиындары, спорт түрлері бойынша жаттығулар, барлық деңгейдегі жарыстар тоқтатылды; 

- Ойын-сауық, спорттық (көрермендердің қатысуынсыз өткізілетіндерді қоспағанда) және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, салт-дәстүр іс-шараларын өткізуге тыйым салынады; 

- Кинотеатрлардың, театрлардың, көрмелердің және көңіл көтеру орындарының (түнгі клубтар, караоке, барлар, моншалар, компьютерлік клубтар, фитнес орталықтар, жаттығу залдары, бассейндер) және адамдар көп жиналатын басқа да нысандардың қызметі тоқтатылды; 

- Мейрамханалардың, дәмханалардың және өзге де қоғамдық тамақтану орындарының жұмыс уақыты 22.00 сағатқа дейін шектелді, бұл ретте бір жолғы адамдардың санын 50-ге дейін шектеу; 

- Дәмхана мен мейрамханаларда және т.б. жерлерде кальяндарды пайдалануға тыйым салынады;

- Мекемелерге қызметкерлерін қашықтықтан жұмыс жасау режиміне ауыстыру; 

- Сондай-ақ, денсаулық сақтау объектілерінде және қарт кісілер мен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған медициналық-әлеуметтік объектілерде, әлеуметтік оңалту орталықтарында, балалар үйінде, ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған оқу орындарында, интернаттарда санитариялық-дезинфекциялық режим күшейтілді. Оларға келушілерге тыйым салынды. 

Коронавирус инфекциясы жағдайында оның өршуіне жол бермей, жоюға медициналық объектілердің дайындығы қамтамасыз етілді; 

Коронавирус инфекциясы анықталған жағдайларда науқастарды ауруханаға жатқызу қамтамасыз етілді,  медициналық тексеруден өтуге және емделуден бас тартқан, карантин режимін сақтауға бей-жай қарап, эпидемиологиялық жағдайды және т.б. жағдайларды анықтауда қолында бар мәліметтерді жасырған кісілерге бақылау күшейтілді.

Өзгелердің жаңалығы