Төтенше жағдай. Барлық діни ғимарат жабылды

6 Қаңтар 2022, 13:56
721
Бөлісу:
Төтенше жағдай. Барлық діни ғимарат жабылды
Фото: BAQ.KZ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақпарат және қоғмадық даму министрілігі Төтенше жағдай режимі кезеңінде барлық ғимарат орнында діни рәсім шаралары уақытша тоқтатылатынын хабарлады.

Министрлік таратқан ресми мәлімет бойынша, төтенше жағдай кезеңінде діни нысандардың жұмысы мынадай тәртіппен шектеледі:

2022 жылдың 5-19 қаңтар күндері аралығында Қазақстанның бүкіл аумағында Төтенше жағдай жарияланды. 

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Төтенше жағдай туралы» заңына сәйкес және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында елімізде бұқаралық іс-шаралардың барлығы, соның ішінде, ғибадат ғимараттарында өтетін (мешіт, шіркеу, синагога, мінәжат үйлері) діни рәсімдер мен жоралғылардың да уақытша тотатылғанын хабарлайды - делінген министрлік ақпаратында.

Сонымен қатар 7 қаңтар күні атап өтілетін Православ қауымының діни мейрамы - Рождество кезінде де аталған шектеулерді сақтауға және түсіністік танытуға шақырды.

Өзгелердің жаңалығы