Төртінші Ұлттық құрылтайдың ерекшеліктері қандай?

Бүгiн, 10:35
323
Бөлісу:
Төртінші Ұлттық құрылтайдың ерекшеліктері қандай?
Фото: Архив BAQ.KZ

Кеше Бурабайда Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысы өтті. Кезекті отырыстың ерекшелігі қандай? қандай мәселелер мен бастамаларды көтерді? Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин әлеуметтік желідегі парақшасында талдап түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оның негізгі ерекшеліктері қандай?
• Қоғамды толғандыратын ең өзекті мәселелердің кең ауқымы талқыланды.
• Президенттің сөзі бағдарламалық сипатқа ие болып, мазмұны мен құрылымы жағынан жыл сайынғы Жолдауымен салыстыруға болады.
• Мемлекет басшысы өз сөзінде қазіргі жағдайға терең талдау жасап, көптеген мәселелер бойынша жүйелі шешімдерді жариялады және алдағы уақытқа арналған міндеттерді айқындады.
• Құрылтай мүшелері екі күн бойы ұсынған барлық негізгі ұсыныстар Президенттің сөзінде көрініс тапты.

Қоғам белсенділері жұмыс секцияларында және пленарлық отырыста қандай мәселелер мен бастамаларды көтерді?

Экономикалық реформалар:
• Инновациялар мен цифрлық технологияларды енгізу.
• Салық-бюджет саласын жетілдіру.
• Өңірлерде көлік инфрақұрылымын дамыту.
• Аймақтар арасындағы еңбек нарығындағы теңсіздіктерді жою.
• Өндірістегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
• Жұмысшы мамандықтарын насихаттау.

Әлеуметтік саясат:
• Білім беру мен денсаулық сақтау сапасы мен қолжетімділігін арттыру.
• Ғылымды дамыту.
• Экология мәселелері.
• Ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін қолайлы жағдай жасау.

“Заң және тәртіп” қағидатын нығайту:
• Алаяқтықпен күрес.
• Әйелдер колонияларындағы жағдайды жақсарту.
• Жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу.
• Құқықтық сауаттылықты арттыру.
• Құқықбұзушы балалардың ата-аналарының жауапкершілігін күшейту.

Идеологиялық жұмысты жүйелеу:
• Ішкі саясаттың бірыңғай тұжырымдамасын әзірлеу.
• Деструктивті діни ағымдарға қарсы күрес.
• Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың критерийлерін қайта қарау.
• Ысырапшылдық пен мәдениетсіздікке қарсы шаралар.
• “Адал Азамат” бағдарламасы аясында өскелең ұрпақты жүйелі түрде тәрбиелеу.
• Ағартушылық жұмыстар жүргізу және мәдени-рухани мұраны насихаттау.

Мемлекет басшысы қандай маңызды бастамаларды ұсынды?

Идеологиялық және гуманитарлық жобалар:
• Ішкі саясат тұжырымдамасын әзірлеу.
• Үкіметтік емес ұйымдар туралы заңнаманы жетілдіру.
• Шетелде Абай институттарын ашу.
• Биологиялық әртүрлілікті сақтау жөніндегі халықаралық қор құру.
• Ұлттық цифрлық архив құру.
• “Қазақстан балалары” бірыңғай бағдарламасын әзірлеу.
• Әр облыс орталығында ерекше балаларға арналған оңалту және даму орталықтарын ашу.
• Барлық облыстық, аудандық және ауылдық елді мекендерде балаларға арналған футбол алаңдарын салу.

Экономикалық және инфрақұрылымдық бастамалар:
• Қазақстан Тәуелсіздігінің 40 жылдығына дейін дамудың бес басым бағытын айқындау: цифрландыру және жасанды интеллект, көлік және транзит, энергетика, агроөнеркәсіптік кешен, адами капитал.
• 2025 жылы нақты экономика секторын қаржыландыруды екі есеге арттырып, 8 трлн теңгеге жеткізу, ал кейінгі жылдары 10 трлн теңгеге дейін ұлғайту.
• 2025-2026 жылдары ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру.
• Алдағы төрт жылда жыл сайын шамамен 200 инвестициялық жобаны іске қосу.
• Шекара маңындағы аумақтарды дамыту туралы жаңа заң әзірлеу.
• Астанадан Арқалық, Торғай, Ырғыз арқылы Транскаспий халықаралық көлік дәлізіне тікелей шығатын автожол салу.
• Ядролық энергетика агенттігін құру.

Өзгелердің жаңалығы