Белгілі әнші Тоқтар Серіков «Сырласу» бағдарламасына берген сұхбатында төрт ұлында 4 үйір жылқы бар екенін айтты.
Ауылда – кіндік қаным тамған жерде жеке шаруашылығым бар. Сонда төрт ұлыма төрт үйір жылқы жіберіп қойғанмын. Әрқайсысы өздерінің айғырларын біледі. Әр үйірде қанша бас барын біледі. Мұны байлық ретінде емес, «иесі мен екенмін ғой, мен де қажетке жараған екенмін ғой, мен де әкемнің бір шетінде жүр екенмін ғой» деген ой болсын деп істедім, - деді әнші.