Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Күндіз Ақтөбе облысының солтүстік-батысында оңтүстік-батыстан екпіні 16 м/с жел соғады.
Жетісу облысының солтүстік-шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.
Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі. Орал қаласында түнде және таңертең дала тұманды болады.
Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді.
Петропавл қаласында күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.