"ҚазАвтоЖол" мекемесі бірқатар облыста жолдардың қайта ашылатыны туралы жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
2025 жылғы 8 қаңтар сағат 07:30-же Қостанай облысында «Жезқазған-Петропавл» 339-377 шақырымы, Арқалық қаласы учаскесі – Ақмола облысы шекарасы аралығында жолды ашу жоспарланып отыр.
Сондай-ақ 8 қаңтар сағат 07:30-да Ақмола облысында «Жезқазған – Петропавл» 377-440 шақырымы, Қостанай облысы шекарасы учаскесі – Державинск қаласы аралығында да көлік қоғалысы жанданбақ.
Сонымен қатар Қызылорда облысында «Қызылорда – Павлодар» 12-216 шақырымы, Қызылорда қаласы-Ұлытау обл. Шекарасы аралығында және Ұлытау облысының «Қызылорда-Павлодар» 216-424 шақырымы, Қызылорда облысы шекарасы учаскесі -Жезқазған қаласы аралығыда да көлікпен жүруге болады.