Төрт облыста автожолдар ашылды

Бүгiн, 11:36
159
Бөлісу:
Төрт облыста автожолдар ашылды
Фото: архив

"Қазавтожол" бірнеше аймақта автожолдар ашылғаны туралы жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Келесі республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысы ашылды: 

Ақтөбе облысы: - "РФ шекарасы-Мәртөк-Ақтөбе-Қарабұтақ-Қызылорда-Шымкент-Тараз-Қордай-Алматы-Хоргос-ҚХР шекарасы" автожолының 776-1240 шақырым аралығы (Ақтөбе қаласы-Қызылорда облысының шекарасы). - "Ақтөбе-Қандыағаш-Доссор-Атырау-граница РФ" автожолының 104-337 шақырым аралығы (Қандыағаш қаласы-Атырау облысының шекарасы). 

Қызылорда облысы: - "РФ шекарасы-Мәртөк-Ақтөбе-Қарабұтақ-Қызылорда-Шымкент-Тараз-Қордай-Алматы-Хоргос-ҚХР шекарасы" автожолының 1240-1362 шақырым аралығы (Ақтөбе облысының шекарасы-Арал қаласы). 

Қарағанды облысы: - "Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды-Шидерті" автожолының 788-906 шақырым аралығы (Ұлытау облысының шекарасы-Топар ауылы).

 Ұлытау облысы: - "Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды-Шидерті" автожолының 756-788 шақырым аралығы (Жаңаарқа ауылы-Қарағанды облысының шекарасы).
 

Өзгелердің жаңалығы