Төрт ғарышкер 5 айлық қызметтерін аяқтаған соң ғарыштан Жерге оралды, деп хабарлайды BAQ.KZ Nasa-ға сілтеме жасап.
Олар мінген Dragon ғарыш капсуласы Флориданың жағалауындағы Мексика шығанағына қонғаны белгілі болды.
Америкалық-ресейлік-жапондық экипаж Халықаралық ғарыш станциясында бес ай бойы болған. Ғарышқа олар былтыр қазан айында ұшқан.
Жергілікті америкалық алғашқы әйел – NASA агенттігінің өкілі Николь Манн басқарған ғарышкерлер станциядан таңертең ерте ұшып келген.
Олар қатты жел мен толқындардың салдарынан станцияда бірнеше күн аялдауға тура келген. Ғарышкерлерді алмастырған әріптестері ғарыш станциясына бір апта бұрын ұшып барғаны айтылды.