Белгілі отандық әнші Төреғали Төреәлі 10 млн теңге кепілмен босатылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Алматы облысы Кеген аудандық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді.
Алматы облысы Кеген аудандық сотының қаулысымен қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікті Төреғали Әлихановқа қатысты "Бұзақылық" 293-бабының 1-бөлігі бойынша он млн теңге сомасына кепіл түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды. Бұл бұлтартпау шарасын қолдану тәртібі ҚК мен ҚІЖК-де нақты жазылған, - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, 28 қыркүйек күні поп-орындаушысына Алматы облысы Көлсай көлінде гидті себепсіз ұрды деген айып тағылған болатын. Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желілерде кеңінен таралды. Кейіннен әнші уақытша ұстау изоляторына қамалғаны туралы дерек шықты.