Тоқсандағы қарияны тонаған жалған полицей мен күдікті ұсталды

Атырауда 90 жастағы зейнеткер алаяқтарға 6 миллион теңге берді, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

 pixabay.com 15 Шілде 2025 2025, 08:10
15 Шілде 2025 2025, 08:10
447
Фото: pixabay.com

Атырауда 90 жастағы зейнеткер алаяқтарға 6 миллион теңге берді, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға 29 мамырда Атырауда болған. 90 жастағы зейнеткерге белгісіз біреу телефон соғып, өзін полиция қызметкерімін деп таныстырып, қызы жол апатына себепкер болғанын айтқан. «Мәселені шешеміз» деген желеумен ер адам шабарман жіберемін деп, ірі көлемде ақша талап еткен.

Зейнеткер курьерге 6 миллион теңгесін санап берген. Қария он күннен кейін ғана полицияға хабарласқан.

Тергеу барысында 30 жастағы курьер ұсталды. Кейін полицейлер басты күдіктінің – Қызылқоға ауданының 25 жастағы тұрғынын анықтады. Ол өз кінәсін толық мойындады. Сот оны 2 жыл 8 айға бас бостандығынан айырды.

Наверх