Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ертең, 16 наурызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа кезекті Жолдауын жасайды.
Ақорданың баспасөз хатшысы Берік Уәли Мемлекет басшысының Жолдауы сағат 11:00-де республикалық телеарналардан тікелей эфирде көрсетілетінін хабарлады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 16 наурызда ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысына қатысып, Қазақстан халқына Жолдау жасайды деп жоспарланып отыр.
Президенттің бұл Жолдауында жуық арада жүзеге асырылатын саяси реформалардың жаңа бағдарламасы мен әлеуметтік-экономикалық бағытта атқарылатын іс-шаралар туралы айтылмақ, - деп жазды Берік Уәли.
Оның сөзінше, Мемлекет басшысының Жолдауы сағат 11:00-де республикалық телеарналардан тікелей эфирде көрсетіледі. Сондай-ақ «БОРТ N1» тelegram-каналы жиыннан жедел хабар таратады.