Тоқаевтың Түркістан облысы жұртшылығымен кездесуі басталды

27 Қыркүйек 2022, 12:25
911
Бөлісу:
Тоқаевтың Түркістан облысы жұртшылығымен кездесуі басталды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркістан облысы жұртшылығымен кездесуі басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың баспасөз өызметіне сілтеме жаап.

 «Түркістан – Атажұртымыздың алтын қазығы. Түркістан – бәріміздің мақтанышымыз, екі дүние есігі, ер түріктің бесігі атанған бүкіл әлемге танымал қасиетті жер. Осы киелі шаһардың төл тарихымызда айрықша орны бар. Түркістан төріндегі Қожа Ахмет Ясауи кесенесі – руханиятымыздың мызғымас діңгегі. Қазақ жылнамасына алтын әріппен жазылған көптеген тұлғаларымыз осында жерленген. Былтыр қалаға Түркі әлемінің рухани астанасы деген мәртебе берілді. Бұл Түркістанды тұтас түркі жұрты ерекше қадірлейді деген сөз. Ал, біз киелі шаһарды рухани және тарихи елордамыз десек, дұрыс пайым болатынына күмәнім жоқ. Сондықтан, Үкімет таяу арада Түркістан қаласына осындай мәртебе беру мәселесіне қатысты лайықты шешім қабылдайды деп ойлаймын. Қастерлі шаһар көне заманнан бері ұлттың ұясы, қазақтың қара шаңырағы болып келеді, – деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ ол ақында Астанадан бастау алған «Ұлы дала жорығы» санаулы күннен соң Түркістанда өз мәресіне жетеді. Мұның зор символдық мәні бар. Осы өңірде халқымыздың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы барынша сақталған. Бір сөзбен айтқанда, Түркістан –халқымыздың қаймағы бұзылмаған қасиетті мекені екенін айтты.

Қазақ «Қариясы бар елдің қазынасы бар» дейді. Түркістанда ұрпаққа жол көрсетіп, тағылымды тәрбие беретін данагөй ақсақалдарымыз аз емес. Олар түрлі жағдай кезінде жұртты сабырға шақырады. Жастарға басу айтып, кикілжіңге жол бермейді. Осындай аузы дуалы ел ағаларына зор алғыс айтамын. Бұл аймақта жігерлі ұл мен инабатты қыз өсіріп отырған асыл аналарымыз да көп, – деді Перезидент.

Өзгелердің жаңалығы