Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Тоқаевтың Қырғызстанға ресми сапары басталды

22 Тамыз 2025, 10:06
505
Бөлісу:
 Ақорданың баспасөз қызметі
PHOTO
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғыз Республикасына ресми сапары "Ата бейіт" ұлттық тарихи-мемориалдық кешеніне зиярат етуден басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Тоқаевтың Қырғызстанға ресми сапары басталды

Мұнда Отанына әр кезеңде қалтқысыз қызмет еткен қырғыз халқының даңқты перзенттері, сталиндік репрессия құрбандары жерленген. Кешенге "Ата бейіт" атауын жазушы Шыңғыс Айтматов ұсынған, - делінген Ақорда хабарламасында.

Тоқаевтың Қырғызстанға ресми сапары басталды

Мемлекет басшысы мемориалдық кешен аумағындағы 1916 жылғы үркіншілік құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоғын қойды.

Тоқаевтың Қырғызстанға ресми сапары басталды

Сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қырғыз халқының кемеңгер жазушысы Шыңғыс Айтматовтың бейітіне зиярат етіп, қаламгердің рухына Құран бағыштады.

Тоқаевтың Қырғызстанға ресми сапары басталды
Тоқаевтың Қырғызстанға ресми сапары басталды
Тоқаевтың Қырғызстанға ресми сапары басталды
Тоқаевтың Қырғызстанға ресми сапары басталды
Өзгелердің жаңалығы