Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғызстанға ресми сапары аяқталды, деп хабарлайды Ақорда.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты Бішкек әуежайынан Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров шығарып салды.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Қырғызстанға барды. Қырғызстан Президенті «Ақ кеме» мәрмәр шатырында Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алды.
Қазақстан мен Қырғызстан ресми делегацияларының қатысуымен өткен кеңейтілген құрамдағы келіссөзден кейін бірқатар құжатқа қол қойылды.
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров Қырғызстан астанасындағы «Театр» гүлзарының орталық аллеясына қойылған Ұлы Абай ескерткішінің ашылу салтанатына қатысты.