Тоқаевтың қатысуымен Шетелдік инвесторлар кеңесі басталды

9 Маусым 2022, 15:56
1757
Бөлісу:
Тоқаевтың қатысуымен Шетелдік инвесторлар кеңесі басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада Шетелдік инвесторлар кеңесінің 34-отырысы басталды.

Жиын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өтіп жатыр.

Мынадай мәселелер қаралады:

1. Кеңестің 33-ші жалпы отырысының хаттамалық тапсырмаларының орындалуы туралы есеп. 

2. Кеңеске шетелдік тараптың инвестициялық саясатты іске асыру, энергетика, экология және мұнай-газ саласы, еңбек заңнамасы, адами капиталды дамыту, шетелдік жұмыс күшін тарту және цифрландыру мәселелері бойынша ұсыныстары. 

3. Пленарлық мәжілістің негізгі мәселесі – экономиканы декарбонизациялау.  экологиялық, әлеуметтік және басқару стандарттарын сақтау мақсатында төмен көміртекті технологияларды енгізу. 

Бұған дейін Мемлекет басшысы Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассомен кездескен болатын.

Кездесу барысында елімізде инфрақұрылым, транзиттік тасымал, экономиканы көміртегінен арылту, экономика және қаржы секторы салаларындағы бірқатар инвестициялық жобаны жүзеге асырудың перспективалары талқыланды.

Сондай-ақ олар әлемдік экономиканы дамытудың өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Одиль Рено-Бассо Қасым-Жомарт Тоқаевты жалпыұлттық референдумның сәтті өтуімен құттықтап, оның нәтижелері шетелдік инвесторлардың елімізге деген сенімін одан әрі нығайта түсетінін атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы