Мемлекет басшысы Теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдерге арналған Біріккен Ұлттар Ұйымының үшінші конференциясы өтетін "Аваза" спорт кешеніне келді, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаевты Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов пен БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш қарсы алды.
Делегация басшылары бірге суретке түсті.

Еске салсақ, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанда БҰҰ конференциясы делегацияларын ресми қарсы алу рәсіміне қатысты.