Мемлекет басшысы «Ынтымақ Ордо» ғимаратына келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қасым-Жомарт Тоқаевты Қырғызстан президенті Садыр Жапаров қарсы алды.
Сәлден кейін Түркі мемлекеттері ұйымының саммиті басталады. Шара «Экономикалық интеграция, тұрақты даму, цифрлық болашақ және қауіпсіздік» тақырыбында өтеді, - делінген Ақорда таратқан хабарламада.
Түркі мемлекеттері ұйымының XI саммитіне қатысушылардың бірге түскен суреті жарияланды.
Бұған дейін Президент Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысу үшін Бішкекке барғанын жазған болатынбыз.