Тоқаевты қолдау жөніндегі Республикалық қоғамдық штаб үгіт-насихат науқанын бастады

21 Қазан 2022, 21:00
1501
Бөлісу:
Тоқаевты қолдау жөніндегі Республикалық қоғамдық штаб үгіт-насихат науқанын бастады
PHOTO

Бүгін, 21 қазан сағат 18.00-де ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі Республикалық қоғамдық штаб еліміздің барлық өңірінде үгіт-насихат науқанын бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Республикалық қоғамдық штабқа 3 парламенттік саяси партиядан және 22 республикалық қоғамдық ұйымдардан тұратын Халықтық коалицияның өкілдері кірді.

Бүгін Халықтық коалицияның белсенділері еліміздің барлық өңірінде үгіт-насихат баспа өнімдерін тарату және ақпараттық материалдарды БАҚ пен әлеуметтік желілерге жариялауды бастады.

Тоқаевты қолдау жөніндегі Республикалық қоғамдық штаб үгіт-насихат науқанын бастады
Тоқаевты қолдау жөніндегі Республикалық қоғамдық штаб үгіт-насихат науқанын бастады

Ертең Республикалық қоғамдық штабтың алғашқы отырысы өтеді. Сонымен қатар, келесі аптадан бастап РҚШ мүшелері сайлаушылармен кездесу үшін аймақтарға барады.

Тоқаевты қолдау жөніндегі Республикалық қоғамдық штаб үгіт-насихат науқанын бастады
Тоқаевты қолдау жөніндегі Республикалық қоғамдық штаб үгіт-насихат науқанын бастады

Сондай-ақ кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі Республикалық қоғамдық штаб әлеуметтік желілерде жеке парақшалар ашты. Онда штабтың іс-шаралары, сайлаушылармен кездесулер туралы барлық ақпарат және өзге де үгіт-насихат материалдары жарияланады:

https://www.instagram.com/toqaev2022/

https://www.facebook.com/Toqaev2022

https://twitter.com/Toqaev2022

https://t.me/toqaev2022

www.tiktok.com/@toqaev22

https://www.youtube.com/channel/UCFSxyV97uoGMR4ztETM66vw

Өзгелердің жаңалығы