Тоқаевқа Қазақстанның БРИКС ұйымына кіру бойынша ұсыныстар түсті

16 Қазан 2024, 11:24
371
Бөлісу:
Тоқаевқа Қазақстанның БРИКС ұйымына кіру бойынша ұсыныстар түсті
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстанның БРИКС құрылымына кіру мүмкіндігін қарастыру туралы ұсыныстар түсті. Мемлекет басшысы бұл ұсынысты Қазақстанның ұлттық мүддесі тұрғысынан мұқият қарастырып жатыр. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Президентке Қазақстанның БРИКС құрылымына кіру мүмкіндігін қарастыру туралы ұсыныстар түсті. Халықаралық қауымдастықтың жауапты және беделді мүшесі ретінде біздің елімізге мұндай ұсыныстың түсуі қалыпты дүние. Бұл ұсынысты Мемлекет басшысының өзі мұқият қарастырып отыр және оның тапсырмасы бойынша тиісті ведомстволар Қазақстанның ұлттық мүдделері тұрғысынан талдау жүргізіп жатыр. Еліміз құрылымға мүше болуға және осы бірлестіктің даму перспективаларына қатысты басқа да мәселелерді қараудың көп сатылы процесін ескере отырып, қазір және жақын болашақта БРИКС-ке мүше болуға өтініш беруден қалыс қалады, - деді Берік Уәли.

Айта кетейік, 23-24 қазан күндері Қазан қаласында (Ресей) БРИКС саммиті өтеді. Белгілі болғандай, аталған құрылымға төрағалық етіп отырған Ресей Президенті Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты форумға қонақ ретінде шақырған.

Өзгелердің жаңалығы