Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауды жүзеге асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Отырысқа Премьер-министр, Парламент Мәжілісінің төрағасы, Мемлекеттік хатшы, Президент Әкімшілігінің басшысы және оның орынбасарлары, сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясының төрағасы қатысты.
Мемлекет басшысы жиынға қатысушылардың ұсыныстарын тыңдап, биылғы Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын тиімді жүзеге асыруға бағытталған бірқатар тапсырма берді.