Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мәжіліс отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.
Жанар-жағармай бағасын жарты жыл бойы қолдан реттеуге мәжбүр болып отырмыз. Осы кезеңде Бас прокуратура Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттімен, сондай-ақ Энергетика министрлігімен бірлесіп, осы саладағы жұмыстарды ретке келтіруге, оны реформалау үшін кешенді ұсыныстар әзірлеуге тиіс. Егер бұл жұмыс бір жолға қойылмаса, жанар-жағармай бағасын реттеу жүйесі сақталады, - деді ол.