Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Тоқаев заңға қол қойды: мектептер мен балабақшаларға кенеттен тексерулер енгізіледі

Бүгiн, 11:35
285
Бөлісу:
 BAQ.KZ архиві/ Арман Мухатов
Фото: BAQ.KZ архиві/ Арман Мухатов

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет, білім беру, отбасы және мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды. Заңға сәйкес, 2026 жылғы 1 ақпаннан бастап бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлердің өкілеттіктері кеңейеді. Бұл туралы BAQ.KZ тілшісіне ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің бас сарапшысы Айнұр Алмағамбет түсіндіріп берді.

Айтуынша, қолданыстағы заңнама бойынша бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлерге айрықша құқық беріледі.

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлердің қолданыстағы заңнама шеңберінде лауазымды адамдарға (бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне) қатысты жеке ұсыныс шығару құқығы бекітілген (ӘҚБтК 826-бабы), бұл қаржылық шығындарды талап ететін бұзушылықтар үшін мемлекеттік мекемелер басшыларына айыппұл салуды болдырмауға мүмкіндік береді, - деп атап өтті бас сарапшы.

Сонымен қатар Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің өкілі өкілеттіліктерді кеңеюі балалар мекемелеріндегі қауіпсіздік пен санитариялық талаптардың орындалуына нақты қалай әсер ететініне тоқталды.

Ұсынылған түзетулер шеңберінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы негізгі новеллалар балалар объектілеріне қатысты жоспарлы тексерулер мен объектілерге бару арқылы мониторинг (жаңа бақылау нысаны) түрінде бұзушылықтарды проактивті анықтауға бағытталған ерекше бақылау мен қадағалауды енгізуді көздейді, - дейді Айнұр Алмағамбет.

Атап айтқанда, ұсынылып отырған ерекше бақылау мен қадағалау тәртібі:

  • мектептерде (асхана, медпункт, спорт залдар) қызмет көрсететін барлық субъектілерді бір мезгілде тексеру тетігін;
  • бұзушылықтарға ден қою және олардың жолын кесу мақсатында жоспардан тыс тексеру үшін – дәлелді суреттер, бейнематериалдар болған кезде масс-медиада орналастырылған фактілер бойынша жаңа негіз көзделген;
  • бақылаудың басталғаны туралы субъектіні хабарлауды алып тастау арқылы "кенеттен" тексеру қағидатын көздейді.

Объектілерге бару арқылы мониторингті тағайындаудың негіздері:

  • Мемлекет басшысының, Президент Әкімшілігінің және Үкімет Аппаратының басшылығының;
  • білім беру объектілерінің оқу жылының басталуына дайындығын бағалау; сауықтыру объектілерінің жазғы демалысқа дайындығын бағалау; денсаулық сақтау ұйымдарында эпидемияға қарсы іс-шараларды уақтылы өткізу мақсатында Денсаулық сақтау министрінің тапсырмалары болып саналады.

Сарапшының мәлімдеуінше, ерекше бақылау және қадағалау (жоспарлы тексеру және мониторинг) әкімшілік шаралар қолданбай жүргізілетін болады, ал өрескел бұзушылықтар анықталған жағдайда бұзушылықтар жойылғанға дейін кейіннен бақылау мүмкіндігімен қызметті тоқтата тұру түріндегі жедел ден қою тетігі көзделеді.

Өзгелердің жаңалығы