Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Тоқаев Владимир Путинмен сөйлесті

6 Наурыз 2025, 18:05
634
Бөлісу:
 Ақорда
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынас достық, тату көршілік және одақтастық рухында қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

Президенттер сауда-экономикалық ықпалдастық мәселелерін талқылады, соның ішінде бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтардың табысты жүзеге асырылып жатқанын мәлімдеді.

Өзгелердің жаңалығы