Тоқаев Вьетнам Коммунистік партиясының бас хатшысын құттықтады

Мемлекет басшысы Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысына құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Ақорда 24 Қаңтар 2026, 17:35
24 Қаңтар 2026, 17:35
772
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысына құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев То Ламды Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы қызметіне қайта сайлануымен құттықтады. Қасым-Жомарт Тоқаев То Ламның Вьетнамды дәйекті түрде дамытуға бағытталған барлық бастамасының табысты жүзеге асуына тілектестік білдірді.

Наверх