Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясында айтты.
Бүгінде ҰҚШҰ кеңесінің шешімімен Қазақстанда 2 300 адам мен 251 техника бітімгерлік тапсырмасын жүзеге асырып жатыр. Олар әуежайлар мен әскери қоймалар, стратегиялық нысандарды қорғауды жүзеге асырып жатыр. Мен айтқандай, бұл ҰҚШҰ-ның алғашқы бітімгерлік тәжірибесі. Ұйым бұл оқиғадан тиімді тәжірибе алып, тығыз аймақтар тексеріліп, сәйкес шешім шығарылады деп ойлаймын. Жалпы ҰҚШҰ тиімді беделді әскери ұйым мен сұранысқа ие екенін көрсетті. Бұл біздің елдердің қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ететін тетік екенін көрсетті, - деді ол.
Президент айтқандай, болған оқиға ұйымның дамуындағы тағдыршешті рөл атқарды.
Ол мықты халықаралық институт ретінде қалыптасты. Қазақстанда болған оқиғалар ҰҚШҰ-ның қауіпсіздік кеңесі үшін ортақ болып есептеледі. Сондықтан бізге ҰҚШҰ-ның әлеуетін одан әрі мығымдау маңызды. Қазақстан оған үлесін қосады, - деді Тоқаев.