Тоқаев Үндістанның IT компанияларын Қазақстан нарығына шақырды

27 Қаңтар 2022, 18:14
1677
Бөлісу:
Тоқаев Үндістанның IT компанияларын Қазақстан нарығына шақырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тарихта алғаш рет ұйымдастырылып отырған «Орталық Азия – Үндістан» саммитінде айтты. 

Басты әлемдік тренд экономиканы цифрландыру болып отыр. Қазақстанда электронды үкімет тиімді жұмыс істеп тұр. Экономикалық барлық жүйелі саласында цифрландыру жүзеге асырылып жатыр. Смарт-қала мен медицина және білім беруді дамыту қолға алынған. Цифрландыру банк, қаржы жүйесінде де сәтті қолданылып жатыр. Бүгінде жасанды интеллект пен Big DATA, интернет саудасы, коммерция мен киберқауіпсіздік дамыған. Сондай-ақ Қазақстанда телекоммуникация мен электронды өнеркәсіп, электронды техниканы бөлшектеп жинау лабораториясын ашуға да қызығушылық бар, - деді Мемлекет басшысы. 

Тоқаев аталған бағыттар бойынша Үндістан кәсіпорындарын Қазақстан нарығына шақырды. 

Мен өз Жолдауымда 2025 жылға қарай жоғары білікті 100 IT маманын даярлау мақсаты туралы айттым. Бұл орайда бізге Үндістанның тәжірибесі қызықты. Astana Hub алаңында үнді ірі компанияларымен бірлесіп, Орталық Азия үшін инженерлік кеңсе мен ақпараттық технологиялар мектебін ашуды ұсынамыз. Жан-жақты ынтымақтасу біздің елдеріміздің тұрақты дамуына әсер етеді, - деді Президент.

 

Өзгелердің жаңалығы