Мемлекет басшысы Түрікменстанға ресми сапармен барды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ашхабад әуежайында Қасым-Жомарт Тоқаевты түрікмен халқының көшбасшысы Гурбангулы Бердімұхамедов қарсы алды.
Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сердар Бердімұхамедов келіссөз жүргізеді.
Сондай-ақ Президент Ашхабадтағы Абай Құнанбайұлының ескерткішін ашып, «Дәуірлер мен өркениеттер байланысы – бейбітшілік пен дамудың негізі» атты халықаралық форумға қатысады.
Ашхабад әуежайында Түрікменстанға ресми сапармен келген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты қарсы алу рәсімі өтті.
Құрмет қарауылының бастығы рапорт бергеннен кейін екі елдің әнұрандары орындалды.